Экскурсия кестесі:
Кітапхана экспозициялары бойынша экскурсиялар тегін жүргізіледі.
Ә. Бөкейхан көшесі, 1 және Ә. Бөкейхан көшесі, 1А мекенжайындағы кітапхана ғимараттарына экскурсияға өтінімдер +7 7172 69 30 40; 69 30 41; 69 30 44; 69 05 79 телефондары арқылы, немесе www.presidentlib.kz/kk сайтының «Келушілерге» бөлімі ("Экскурсияға өтінім") арқылы қабылданады.
Экспозицияға кіру уақыты - 10.00-17.15. Экспозицияларды өз бетінше қарау алдын ала жазылусыз жүргізіледі.
10 адамнан асатын топтар үшін шолу және тақырыптық экскурсиялар алдын ала өтінім беру арқылы сағат 10.30; 12.00; 14.30; 16.00 аралығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Оқу залының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-жұма: 09:30-17:00;
Сенбі, жексенбі - демалыс
Оқырман залына келу
Электронды каталог арқылы кітаптарды іздеу
Мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:
1) электронды каталогты оқу залындағы компьютерлер арқылы пайдалану;
2) Елбасы кітапханасының сайтындағы «E-LIBRARY» электронды каталогы арқылы іздеу.
E-LIBRARY каталогының жұмыс нұсқаулығы
Архив құжаттарды (фото-, бейне - және аудиоқұжаттардың ҚЭК, ФЭК) алуға өтінім қордың нөмірін, тізімдемені, сақтау бірлігін және істің қысқаша тақырыбын көрсете отырып, тапсырысты (талапты) толтыру арқылы ресімделеді.
Сұранысты:
1) Кітапхананың оқу залында;
2) Кітапхана сайтының «Е-Архив» қосымшасында онлайн ресімдеуге болады.